aspan

МЕМЛЕКЕТ ТҰТАСТЫҒЫН САҚТАУДЫҢ БІРДЕН-БІР КЕПІЛІ – ПАТРИОТТЫҚ СЕЗІМ

 

Шара ұлы жеңістің 80-жылдығына және қазақтың қахарман қызы, мерген аруы Әлия Молдағұлованың 100 – жылдығына  орай «Айбын-2025» Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Шымкент қалалық іріктеу кезеңі өтті.Байқау шымкент қаласы Білім басқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өткізілді.

 Шараға қатысқан жандардың бірі 11-ші сынып оқушысы Әсел Серікқызы.Айтуынша 3 кезеңнен тұратын сайыста қатысушылар өздерінің  физикалық және рухани дайындықтарын көрсетітіп бақ сынасатындарын айтып өтті.

«Айбын-2025» сайысының мақсаты:Жастар арасында әскери-патриоттық тәрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және әскери қызметті насихаттау болып табылады.Естеріңізге сала кетейік «Айбын» сайысы 2015 жылдан өткізіліп келеді.Сол уақыттан бері аталмыш байқау осы жылы 11 рет ұйымдастырылып отыр.

Президентіміз Қ.К.Тоқаев өз жолдауында «Мемлекет тұтастығын сақтаудың бірден-бір кепілі – патриоттық сезім. Отанға деген сүйіспеншіліктен, қызмет етуден артық құнды ұғым жоқ. Патриот болу алаңға шығып ұрандату емес, қажырлы еңбек ету. «Ел мен жердің қасиетін жүрегінен өткізе білген адам кез келген ерлікке бара алады. Бұл біздің жастарға тән қасиет» деген болатын.

Әскери қызметтің имиджін көтеру мақсатында білім басқармасына қарасты №68 жалпы орта білім беретін мектебінің 6 – сынып жас сарбаздары 6506 әскери бөлімінің «Жас бүркіт» қатарына қосылуына және салтанатты ант қабылдап, куәлік тапсыру рәсіміне қатысты.

 

 

 

 

Related posts

Дочь акима носит сумку за 21 миллион тенге….

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

ШЫМКЕНТ: КӨКСАЙ ШАҒЫН АУДАНЫНДА 35 ОТБАСЫ ЖАҢА ҚОНЫСҚА КӨШТІ

Leave a Comment