aspan

ШЫМКЕНТ   ҚПД ӘЛ-ФАРАБИ   АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ   БАСҚАРМАСЫ

  Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық бір адамның екінші адамға қатысты оны билеуі, бақылауында ұстауы үшін қасақана ойластырылған жүріс-тұрысының жүйесі.                                            Егер серігіңіз сізге бір рет зәбір көрсеткен болса, ол кез келген сылтаумен екінші рет те көрсетеді;

Отбасындағы зорлық-зомбылық жас ерекшелігіне, әлеуметтік, экономикалық, діни, нәсілдік, материалдық, гендік немесе білім шекараларына қарамайды.

Отбасындағы зорлық-зомбылық нашар көңіл күйден, психологиялық қысым көрсетуден басталып, дене жарақатын келтіріп ұрып-соғуға, үйден қуып жіберуге ұласады.

Спиртті ішімдіктер мен есірткі пайдаланып әйелге, балаларға жаман қылықтар мен зәбір көрсетеді;

Көптеген  зардап шегушілер   қорлыққа ұшырап   жүргендері   туралы    ешкімге айтпай, тығырықтан қалай шығарын білмей, көп уақыт зорлық-зомбылық әрекеттеріне көніп жүреді.Зардап шегушінің өмірінде келеңсіздіктер пайда болып, жағдайы қиындайды.

Дегенмен қандай қиыншылықтан болсада қажетті ақыл-кеңес пен көмек ала отырып шығуға болады! Өзің әрекет етпесең, мұндай жағдайлардың көбісі ауыр зардаптарға әкеліп соғады!

Отбасының принципі — оның кез-келген мүшесінің қауіпсіз өмір сүруі!

* Егер сізге немесе сіздің жақыныңызға күш  көрсетіліп, психологиялық зорлық-зомбылық әрекеті жасалса, бізге хабарласыңыз.

  • Біріңғай сенім телефон-қызметі ЖЕДЕЛ ЖЕЛІ – «102»,«111», «150»;

 

Қалай десек те, отбасылық зорлық зомбылыққа  көз жұма қарауға болмайды.

Отбасында ойран салатындар жазаға тартылмаса, олар одан бетер басынып кетеді. Ал жапа шеккендер мүлдем қорғаусыз балады.

Мұндай әрекеттер үшін жазаны күшейтетін кез келді деп санаймын.

Зардап шеккен жандар елдің сөзінен немесе біреудің қысым жасауынан қорықпауы қажет.

«ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ»

2022 жылғы 1 қыркүйектегі  Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы

 

 

 

Related posts

Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары

Жұмысшы мамандықтар жылы: Кәсіпкерлер палатасы мен бизнес ынтымақтастықты арттыруға әзір

ӘЛЕМДІК КӨШБАСШЫ КОМПАНИЯ  ТОҢАЗЫТҚЫШ ШЫҒАРАТЫН ЗАУЫТ АШТЫ

Leave a Comment