aspan

СТАДИОН: ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Шымкент қаласында 35 мың орындық заманауи стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады.
🔷 Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасуда.
🔷 Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылуда.
Швмкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

5 БАЛДЫҚ ЖЕР СІЛКІНІСІ БОЛЫП, 7 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ 

МӘМС: Шымкентте 70-ке жуық мекеме стоматологиялық қызмет көрсетеді

ЗА ПОСЛЕДНИЕ 3 ГОДА В ЭКОНОМИКУ ШЫМКЕНТА ПРИВЛЕЧЕНО СВЫШЕ 2 ТРЛН ТЕНГЕ

Пікір қалдырыңыз