aspan

СТАДИОН: ЖЕР ТЕЛІМДЕРІН МЕМЛЕКЕТ МҰҚТАЖЫНА ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Шымкент қаласында 35 мың орындық заманауи стадионның құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Бұл маңызды жоба қала мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп қана қоймай, халықаралық спорттық ареналармен байланыстыратын маңызды нысанға айналады.
🔷 Жаңа стадион Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Тұран-2 шағын ауданында орналасады. Оның жалпы аумағы 21 гектарды құрайды. Қала әкімдігінің қаулысына сәйкес, қазіргі таңда мемлекет мұқтажына қайтаруға жататын 177 жер учаскесінің 160-ы қайтарылды. Ал қалған 17 жер телімін мемлекет мұқтажы үшін қайтару жұмыстары әлі де жалғасуда.
🔷 Бұдан бөлек, қосымша жерге орналастыру жобасы жасақталып 14 жер учаскесін мемлекет мұқтаждығына қайтару бағытында жұмыстар атқарылуда.
Швмкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҚАЙНАРБҰЛАҚТА ЖАҢА ДЕМАЛЫС ОРНЫ САЛЫНУДА

ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ АРАСЫНДА ТҰРМЫСТЫҚ ГАЗДЫ ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЕҢБЕККЕРЛЕРІНЕ РИЗАШЫЛЫҒЫН БІЛДІРДІ

Пікір қалдырыңыз