aspan

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ, САЛТ-ДӘСТҮР — ТӘРБИЕ БАСТАУЫ

17 наурыз – «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні». Бұл күні халқымыздың мәдениеті мен ұлттық салт-дәстүрі ұлықталады. Барлық іс-шалар мәдениетімізді, өнеріміз бен ұлттық құндылықтарымызды насихаттауға арналады.
Қазақ халқының басты құндылықтарының бірі — салт-дәстүрі. Қазақ халқы ежелден салт-дәстүрге ерекше қарап, әрбірін керек жерінде орындап, сақтап отырған.
Халқымыздың дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, жөн-жоралғысы, наным-сенімі мен ұлттық ұстанымын насихаттау ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тәрбиенің бастамасына айналды.
Сондықтан, ата дәстүрі бойынша әрбір ұрпақ қазақтың тарихын, салт-дәстүрін, әдет-ғұрыптарын, өсиет-өнегелерін өзіне үлгі-өнеге тұтуға тиіс. Бұл болашақ ұрпағынан зор үміт күтіп отырған халқымыз үшін маңызды.
#nauryznama2025

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

АЛИКА МҰХАМАДИЕВА ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ АЛАУЫЗДЫҚ ТУДЫРҒАНЫ ҮШІН СОТТАЛДЫ

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР БҮЙРЕК ТАСЫН АЛУ БОЙЫНША ЗАМАНАУИ ОТАНЫ СӘТТІ ЖАСАДЫ

«МӘРТӨБЕ» ТАРИХИ КЕШЕНІНДЕ «МӘДЕНИ МҰРА» ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Пікір қалдырыңыз