aspan

АМАЛ МЕРЕКЕСІ — БЕРЕКЕ МЕН ЫНТЫМАҚТЫҢ БАСТАУЫ

Наурыз мейрамының бастауы көрісуден басталады. Бұл кез — адамдардың бір-бірімен, жылдың жылмен көрісіп, қауышқан шағы. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақ.
Хакім Абай айтқандай «Қырдағы ел, ойдағы елмен араласып, Күлімдесіп, көрісіп, мауқын басып», өткен қыстан, жылдан аман-есен шықтық, жаңа жылға, табиғаттың жап-жасыл түске бөленіп, жасарар шағы – көктемге жеттік дегенді білдіру.
Сондай-ақ, бұл күні ел бір-бірінің үйіне барып, өкпе-реніштерін ұмытып, бір-біріне жақсылық тілеп жатады. «Бір жасың құтты болсын!», «Амал мерекесі құтты болсын!» деп құттықтасады. Бұл күні ең алдымен әулеттің үлкендеріне барып, сәлем беріп көрісіп, кәде-сый жасап, көңілдерін аулап, жаңа жылдың келуін қуанышпен бөліседі.
Ендеше, береке мен бірліктің, ынтымақтың бастауы болған «Көрісу күні – Амал мерекесі» құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҮКІМЕТ ОТЫРЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІС ПЕН СУ ҚОЙМАЛАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ КӨТЕРІЛДІ

БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

Атыраулықтар мектеп жанындағы жолдың жөнделетінін күтіп, өз қаражатына жөндеп беруден шаршаған.

Пікір қалдырыңыз