aspan

Құрметті Шымкент қаласының мотокөлік жүргізушілері ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап заңнамаға өзгерістер еңгізіледі,оған сәйкес мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестіріледі.Бұл көліктің осы түрінің иелері үшін жаңа ережелерді талап етеді

Негізгі өзгерістер міндетті тіркеуді қамтиды,көрсетілген күннен бастап мопедтерді пайдалану оларды полиция органдарында тіркегеннен кейін ғана мүмкін болады.Сонымен қатар мопедті басқару үшін А1,А немесе В санаттарындағы жүргізуші куәлігінің болуы қажет,сонымен қатар көлік құралы техникалық тексеруден өтуі керек.

Мотокөлікті тіркеу үшін тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгіну қажет.Өзіңізбен бірге жеке басын куәландыратын құжат,көлік құралына арналған құжаттар,мемлекеттік баждың төленгені туралы түбіртек болуы қажет.

5 сәуірден бастап мопедті тіркеусіз, жүргізуші куәлігінсіз немесе техникалық тексеруден өтпей басқару Заңды бұзу болып саналады және әкімшілік жазаға әкеп соғады.

Айта кетейік,жаңа ережелер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және мотоцикл құралдарын пайдалануды бақылауды жақсартуға бағытталған.

Related posts

Қазатомөнеркәсіп QAMS номинациясында жеңімпаз атанды

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Нурсултана Назарбаева лишат еще одного статуса

Leave a Comment