aspan

ШЫМКЕНТ: АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУДА 100-ДЕН АСТАМ ӨТІНІШКЕ ЖАУАП БЕРІЛДІ

Бүгін Шымкент қалалық әкімдігінде тұрғындар мәселелерін жедел шешуге мүмкіндік беретін маңызды қарым-қатынас форматы — азаматтарды кезекті қабылдау өтті. Күні бойына қала әкімі мен басқарма басшылары 100-ден аса тұрғынды қабылдады.
Қала тұрғындары түрлі салада — аулалар мен қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру, жолдарды жөндеу, коммуналдық қызметтер, әлеуметтік қолдау, тұрғын үй бөлу және жер қатынастары мәселелерін көтерді.

Мегаполис басшысы әрбір өтінішті мұқият қарастырды. Бірқатар мәселелер бойынша лезде түсініктемелер берілді. Сала басшыларына зерделеуді қажет ететін сұрақтар шешімін қысқа мерзімде қарастыруды тапсырды.
Айта кету керек, бірде-бір өтініш назардан тыс қалған жоқ. Мұндай кездесулер тұрғындармен тікелей байланысып, қаланың тыныс-тіршілігін жақсартып, маңызды шемімдер шығаруда маңызды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЙҒЫР ЭТНОСЫНЫҢ ТІЛІ МЕН ӨНЕРІ — РУХАНИ БІРЛІКТІҢ КӨРІНІСІ

🔶SMART DARYN ұлттық цифрлық платформасы құрылуда

Қазақстандықтарға 555 млрд теңгеге астам сомада мүгедектігі және асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер төленді

Пікір қалдырыңыз