aspan

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Үндістанның Дели қаласында қазақ күресінен ересектер арасында әлем чемпионаты мәресіне жетті. Екі күнге созылған дүбірлі додада 200-ге жуық спортшы 16 салмақ дәрежесі бойынша кіл мықтыны анықтады.

Қазақстан құрамасы маңызы зор бәсекеге толық құраммен қатысып, жарқын жеңіске жетті. Ұлттық құрама сапында Шымкент қаласының үш спортшысы белдесіп, бәрі де өз салмақтарында топ жарды. 74 келіде Жұмажан Қожамбеков, 100 келіге дейінгі салмақта Ерсұлтан Мұзаппаров және әйелдер арасында +77 келіде Альбина Бахиева жеңімпаз атанды. Жерлестеріміздің еншісінде – 3 алтын жүлде.

Шымкентте ұлттық спорт түрлері қарқынды дамып келеді. Былтыр Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да аталған спортшылар алтын жүлдеге ие болған еді. Сонымен қатар, Мұзаппаров пен Қожамбеков екі дүркін әлем чемпионы атағына қол жеткізді. Жерлестеріміз енді келесі жауапты сындарға дайындыққа кіріседі.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Шымкентте орманды дала өртін сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Пікір қалдырыңыз