aspan

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ XXIV СЕССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының кезекті XXIV сессия отырысы болды. Мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетовтің төрағалық етуімен өткен сессияға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, әкімдік мүшелері, аудан әкімдері, басқарма басшылары, төтенше жағдайлар қызметі мен полиция департаменттері бастықтары қатысты.

Жиынның күн тәртібінде он мәселе қаралып, шешім қабылданды. Атап айтқанда, қаладағы полиция және төтенше жағдайлар департаменттерінің қылмыс деңгейін төмендетуге бағытталған шаралар, табиғи апаттар мен техногендік апаттардың алдын алу және зардаптарын жоюға байланысты атқарылған жұмыстар тыңдалды. Сондай-ақ осы мәселелерге қатысты іс-қимыл жоспарлары қаралды. Бұдан бөлек, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстарын бұдан әрі күшейтуге бағытталған бірқатар нақты шаралар қабылдау ұсынылды.

Қала тұрғындарының экологиялық мәдениетін дамыту, табиғатқа қамқорлығын арттыруға бағытталған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жоспары бекітілді. Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбегін айқындаудың қағидаларына өзгеріс енгізілді. Түрлі мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге берілетін әлеуметтік көмектің мөлшері 45 АЕК-тен 50 АЕК, Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне берілетін әлеуметтік көмек 542 АЕК-тен 1272 АЕК-ке дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар сессияда Шымкент қаласындағы тексеру комиссиясының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары бекітіліп, бір мүшесі лауазымынан босатылды.

Қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетовтің былтыр атқарған жұмыстарға байланысты есебі тыңдалды. Бұған сәйкес мәслихаттың тұрақты комиссияларының құрамына және мәслихат регламентіне өзгерістер енгізілді.
Бұдан кейін сессия отырысын қорытындылаған қала әкімі маңызды шешімдерді жүзеге асыруға қолдау көрсеткен депутаттық корпусқа алғыс айтып, отырыста айтылған мәселелер оң шешілеріне сенім білдірді.

Related posts

Қарағандылық оқушыларды мерзімі өтіп кеткен дәрілермен емдемек болған.

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

ЦИФРЛЫҚ ӘДІЛЕТ: ҚАЗАҚСТАН ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖӘНЕ ЗАҢ КӨМЕГІНІҢ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАДЫ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Leave a Comment