aspan

ШЫМКЕНТТЕ ЭТНОМӘДЕНИ ТАНЫМДЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛҒАН ЗИЯТКЕРЛІК САЙЫС ӨТТІ

Шымкент қаласындағы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде «ЭтноQuiz: Қазақстанның мәдени әртүрлілігіне саяхат» тақырыбында интеллектуалды іс-шара өтті. Жиынның негізгі мақсаты — қатысушыларды Қазақстан халқының бай мәдени мұрасымен таныстыру, командалық рухты дамыту және достық пен өзара түсіністік атмосферасын нығайту. Іс-шараға Мирас университеті, Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, Мардан Сапарбаев университеті, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университеті жастары қатысты. Спикерлер командамен бірлесе жұмыс істеуді, Қазақстанда тұратын халықтардың мәдениеті, дәстүрі мен тарихы туралы жаңа фактілерді ашып, өз білімдерін, тапқырлықтарын көрсете алды.

ЭтноQuiz — бұл тек қызықты интеллектуалды жарыс қана емес, сондай-ақ Қазақстан халықтарының мәдени ерекшеліктерімен танысуға, этносаралық өзара түсіністікті нығайтуға және пікірлестермен бірге уақыт өткізуге мүмкіндік беретін маңызды кездесу болды.

Related posts

Президент «Жұмысшы мамандықтарының қаласы» фестиваліне барды

Кәсіпкерлер палатасында қосымша құн салығын қайтару туралы талқыланды

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Leave a Comment