2025 жылдың 25 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған «Тәртіпті өзіңнен баста!» тақырыбында қоғамдық дәріс өтті. Іс-шараның мақсаты — студенттер арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, қоғамдағы құқықтық тәртіпті нығайту, жастар арасындағы құқық бұзушылықтар мен тәртіпсіздіктертің алдын алу, қоғамда заң мен тәртіп үстемдігін насихаттау болды.Шараның спикерлері Алматы қаласы Әділет департаментінің бөлім басшысы Әділжан Талғатұлы мен мүлікті мемлекет кірісіне айналдыру бөлімінің мемлекеттік сот орындаушысы Азамат Көпбаев арнайы келіп, құқықтық тәртіпті нығайту үшін әрбір азаматтың жауапкершілігі мен белсенділігі маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, қоғамда заң мен тәртіптің рөлі, тәртіпті өзінен бастау принципі туралы ақпараттармен бөлісіп, студенттердің құқықтық білімін арттыруға және құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталған жұмыстар легімен таныстырып өтті.Кездесу ашық диалог форматында жүргізілгендіктен, студенттер сұрақтар қойып, өзекті құқықтық мәселелерді талқылады және сарапшылардан пайдалы ұсыныстар алды.«Тәртіпті өзіңнен баста!» акциясы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпті нығайтуға ықпал ете отырып, құқық қорғау органдарының өкілдері мен жастарды біріктіруге оң әсерін тигізуде деп санаймыз.