aspan

ПОЛИЦЕЙЛЕР ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗУШЫЛАРДЫ ДРОННЫҢ КӨМЕГІМЕН АНЫҚТАЙДЫ

«Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Алатау қаласының полицейлері жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа технологияларды тиімді енгізуде, — деп хабарлайды Polisia.kz. Құқық қорғау органдары заманауи пилотсыз ұшу аппараттарын – дрондарды қолданып, жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын анықтауда.

Аспаннан бақылау жүргізудің бұл тәсілі жүргізушілердің қауіпті маневрлерін, қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу сияқты құқық бұзушылықтарды тіркеуге мүмкіндік береді. Дрондардың артықшылығы – олардың кең аумақты қамтып, патрульдік экипаждар жұмысы қиын учаскелерде бақылау жүргізуіне жағдай жасауы. Бұл жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілеріне жедел әрекет етуге және ықтимал жол-көлік оқиғаларының алдын алуға септігін тигізеді.Жыл басынан бері пилотсыз ұшу аппараттарының көмегімен облыс аумағында жол қозғалысы ережесін бұзудың 100 фактісі анықталды. Оның ішінде жедел тексеріс күндері 18 жағдай тіркелген. Көбіне бұл маневр жасау ережелерін елемеу және қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығу әрекеттерімен байланысты болған. Полицейлер барлық жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтаудың маңыздылығын тағы да еске салады, өйткені әрбір азаматтың қауіпсіздігі осыған тікелей байланысты.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТТЕ 2025 ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУҒА БАҒЫТТАЛҒАН НЫСАНДАР САНЫ АРТТЫ

Aspan info

ТОҚАЕВ ПӘКІСТАНҒА МЕМЛЕКЕТТІК САПАРМЕН БАРАДЫ

Aspan info

ЭКС ПОЛИЦИЯ БАСТЫҒЫНА СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Aspan info

Пікір қалдырыңыз