aspan

БІРЛЕСКЕН МЕМОРАНДУМ ТҮЗДІ

Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы Айгерім Жұмағұлова және «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Мұрат Жолдыходжаев өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Мұндағы мақсат – қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту, этнос өкілдері арасында үйлесімді қарым-қатынастарды нығайту.

Меморандум туралы басқарма басшысы Айгерім Жұмағұлова: «Бұл ортақ құжат қаламыздағы этносаралық тұрақтылықты бекемдеуге, өзара түсіністікті дәріптеуге, этностар арасында достық пен сыйластықты нығайтуға бағытталған. Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе қолға іс-шаралар мен жобалар арқылы қоғамдық келісім мен жастар арасында қазақстандық патриотизмді насихаттауды көздейді, – дейді.

Айта кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында түзілген меморандум ел бірлігін бекемдеуге, іс-шараларды қолдауға және бейбітшілік пен келісімді сақтау бағытында қолға алынатын жаңа жобаларды бірлесе іске асыруға септесері анық

 

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫНЫҢ БАСТАЛУЫНА ОРАЙ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Шекарашы кітапхана қорына кітаптар сыйлады

ШЫМКЕНТТЕ БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӘНЕ ИНФЛЯЦИЯНЫ ТЕЖЕУ ТУРАЛЫ 100-ДЕН АСТАМ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Пікір қалдырыңыз