aspan

СҰЙЫТЫЛҒАН ГАЗДЫҢ КӨТЕРМЕ БАҒАСЫ ӨСЕДІ: ТАПШЫЛЫҚТЫ ЖОЮҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАНУДА

Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта сұйытылған мұнай газы (СМГ) тапшылығы шамамен 20-25%-ды құрайды. Егер алдағы уақытта газ бағасын тұрақтандыруға бағытталған саясатқа көшпесе және қажетті шаралар қабылданбаса, бұл тапшылықтың одан әрі арту қаупі бар.

Осыған байланысты министрлік сұйытылған газдың шекті көтерме бағасын тоннасына 45 158 теңгеден 51 932 теңгеге дейін көтеру туралы бұйрық жобасын әзірледі. Сонымен қатар, өңірге байланысты шекті бөлшек сауда бағасы 6 теңгеден 21 теңгеге дейін өзгертіледі.
Бұл шешім елдегі газ тапшылығын азайтуға, ішкі нарықты толық қамтамасыз етуге және газ өңдеу саласына инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам елдегі газ өндірісін тұрақтандырып, болашақта энергия ресурстарының жеткізілуін қамтамасыз етуге ықпал етеді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ҚАЛАҒА 200 МЫҢ ТҮП АҒАШ КӨШЕТТЕРІ ЕГІЛЕДІ

ШЫМКЕНТТЕ 99 ТҰРҒЫНҒА ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БЕРІЛДІ

ШЫМКЕНТТЕ МАГИСТРАЛЬДАР МЕН ЖАҢА ЖОЛАЙЫРЫҚТАР ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Aspan info

Пікір қалдырыңыз