aspan

Кәсіпкерлер палатасында қосымша құн салығын қайтару туралы талқыланды

Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасында сала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, онда өңірдің экспорттық әлеуетін дамыту мәселелері талқыланды. Жиынға Палата басшылары, мемлекеттік кірістер департаментінің, «Шымкент» ӘКК» АҚ өкілдері, шетелдерге тауар экспорттаушы кәсіпкерлер қатысты.

Кәсіпкерлер палатасы ұйымдастырған Өңірлік экспорт кеңесінің отырысы аясында экспорттаушы-компаниялардың өкілдерімен бірге қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару талаптарын қайта қарау және осыдан туындайтын мәселелер көтерілді.

«Жиынға қатысып отырған 12 компания Шымкент қаласындағы индустриалды және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан және өңір экономикасының басым бағыттарымен айналысады. Бүгінгі таңда ҚҚС қайтару мәселесі сырты экономикалық бағыттағы компаниялардың барлығына дерлік қатысты болып отыр», – дейді «Шымкент» ӘКК» АҚ департамент директоры Толқын Нарметов.

Компания өкілдері ҚҚС қайтару процедураларының күрделілігі мен талаптары экспорт көлемінің артуына, экспортқа бағытталған өндірістің дамуына кедергі келтіретінін жеткізді. Дөңгелек үстелге қатысушылар осы мәселенің шешімін табу бойынша бірге жұмыс істеуді талқылады.

Сонымен қатар, жиын барысында Шымкент қалалық мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы Дәурен Жүнісбеков кәсіпкерлерге «Цифрлық ҚҚС» пилоттық жобасын таныстырды.

Related posts

Қазақстанның «ішкіш» адамдар көп тұратын өңірлері белгілі болды

Түркістан қаласына жаңа әкім тағайындалды.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Алибек Жамауов стал вице-министром энергетики

Leave a Comment