aspan

ОРДАБАСЫ: ТЕМІРЛАНДА АҚЫЛ-ОЙ БӘСЕКЕСІ – ШАХМАТ БАЙҚАУЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Ауданның құрылнанына 60 жыл толуына орай аудан орталығы Темірланда «Intellectualdy ult» жалпы ұлттық жобасы аясында «Зияткер ұрпақ – ұлт болашағы» атты шахмат сайысы ұйымдастырылды.

Ақыл-ой бәсекесінің ашылуына аудан әкімі Азат Оралбаев арнайы қатысып, барша жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, жоба авторына ризашылығын білдірді.
«Интеллектуалды ұлт» жалпы ұлттық жобасы аясында бұл сайыс жыл сайын ауданымызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде мектептерімізде шахмат үйірмелері жасақталып, онда машықтанған жасөспірімдер түрлі деңгейдегі сайыстарда топ жаруда. Өскелең ұрпақты ақыл-ой додасына баулитын жоба өміршең болсын. Жоба авторына алғыс білдіремін», деді аудан әкімі өз құттықтауында.
Сондай-ақ аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының авторы Балтабек Түйетаевты 60 жылдық мерекелік медалмен марапаттады және «ОРДАБАСЫ КИЕЛІ МЕКЕН» атты кітапты табыс етті.

Жарыстың ашылу рәсімінде «Intellectualdy ult» жалпыұлттық жобасының авторы және «Шахмат әліппесі» кітабының құрастырушысы Балтабек Түйетаев жарыстың ережесін түсіндіріп, жобаға қолдау көрсеткен аудан басшысына алғысын айтты.
Ересектер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған шахмат жарысына аудан тұрғындары мен барлық мектеп оқушылары шахмат сүйер жасөспірімдері қатысты.

📌Жарыстың мақсаты – жас шахматшылардың шеберліктерін шыңдап, оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаз және жүлдегер атанған қатысушылар анықталып, арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Жеңістеріңіз құтты болсын!

Related posts

Оқытушылар мен ғалымдарға қосымша ақы төленбек

LRT бағанына соғылған көлік жүргізушісі мерт болды

Дочь акима носит сумку за 21 миллион тенге….

Leave a Comment