aspan

Шекарашылар адам өмірін құтқарды

Ағымдағы жылдың 25-қарашасы күні ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің Сарыағаш ауданы бойынша шекара басқармасы «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімінің жеке құрамы адам өмірін арашалап қалды.
Оқиға былай болған түнгі сағат 23.00 ге жуық «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімі арқылы көршілес Өзбекстан Республикасына бет алған Қырғыз Республикасының азаматы Шохрух Собитов атты азамат талмасы ұстап жерге құлаған.
Оқыс жағдайды дер кезінде бақылауға алған шекарашылар эпилепсия атты аурудың белгісі бар шетелдік азаматқа бірден алғашқы медициналық көмек көрсетіп, оның өмірін арашалап қалды. Аудан орталығынан жеделдетіп келген жедел жәрдем мен ондағы ақ халатты абзал жандар шетелдіктің денсаулығын тереңдете тексеріп, оған толық көлемдегі медициналық көмек көрсетті. Білікті мамандар шекарашылардың осы қиын жағдайда жоғары жылдамдықпен қимылдағанын және кешіккен жағдайда адам өмірін жоғалтату мүмкіндігінің жоғары екендігін атап өтті. Қазіргі таңда шетел азаматы өзінің туған жеріне аман-сау жетіп, қазақ шекарашыларына жүрекжарды алғысын білдіруде. Осы оқиғаның басы қасында жүріп адам өмірін арашалаған «Жібек жолы» шекаралық бақылау бөлімі 1-бөлімшесінің бастығы майор Фуркат Турдиев пен кіші бақылаушылар ефрейтор Жандос Туйчибеков, қатардағы жауынгер Жәнібек Аманның еңбектерін ерекше атап өтуге міндеттіміз.
ҰҚК Шекара қызметі Түркістан облысы бойынша департаментінің жеке құрамы шекара шебінің қауіпсіздігінен бөлек, адамның өмірін де құтқаруға барынша күш салды. Бұл әрине қызметке деген адалдықтың жоғары белгісі болса керек. Үздіктерден үлгі алайық!

Related posts

АҚҚА НЕГІЗСІЗ КҮЙЕ ЖАҒУ ЖАҚСЫЛЫҚТАН ЕМЕС!

«Бір тәжік боксшысы үш қазақты тоқтатты»: бас бапкер кейбір спортшылардың төмен нәтижесіне қынжылды

Депутат и глава филиала Amanat попала в ДТП

Leave a Comment