Шымкент қаласы тағы да бір әлем чемпионымен толықты. Үшінші мегополистегі №36 мектептің 10-сынып оқушысы Әбдісаттар Бекжан Ерланұлы. Бекжан ағымдағы жылдың желтоқсан айында Польша мемлекетінде джиу-джитсудан өткен әлем чемпионатында 1-орынды иеленді. Бекжан Ерланұлы 5-сыныптан бері спортпен айналысады. Осы уақыт аралығында қала, облыс аралық жарыстарда топ жарған. Джиу-джитсудан Қазақстан Республикасы чемпионатының 4 дүркін жеңімпазы, Азия чемпионатының 2 дүркін чемпионы.
Бекжан шекарашылардың отбасында дүниеге келген. Әкесі Ерлан Әбдісаттарұлы ҰҚК Шекара қызметі Төлеби ауданы бойынша шекара басқармасында қызмет етеді. Әскери шені майор.
Польша мемлекетінен келген әлем чемпионын Әкесі Ерлан Әбдісаттарұлы Түркістандағы халықаралық әуежайда салтанатты жағдайда күтіп алды. 16-жастағы чемпионның алдағы жоспары көп. Шекарашының чемпион ұлына тек сәттілік тілейміз!
previous post
next post