aspan

МӘДЕНИЕТ ОРДАСЫНДАҒЫ МӘДЕНИЕТСІЗДІ

Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының басшысы қарамағындағы қызметкерлеріне дауыс көтеріп, балағат сөздер айтқан. Осылай деп шағым білдірген театр қызметкерлері басшының бұл әрекетіне наразы.   Мәселенің мән жайын біліу үшін қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек театр ұжымымен кездесі.  40 жылдық тарихы бар театрда бүгінгі таңда бірнеше маман қызмет атқарады. Басшымыз ауысқалы бері театрдан тыныштық кетті деп шағымданған мамандар директордың жұмысына разы емес. Қызметкерлердің айтуынша, ол жәй балағаттамайды, қарамағындағыларға  қол көтерген кездеріде де болған екен. Театр қызметкерлері осылай дейді.

 Осыдан 3 жыл бұрын қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының директоры болып Самат Алтаев тағайындалған болатын. Жаңа басшыны ұжымға келгеннен ақ қызметкерлердің берекесі қашқан.  Себебі қарамағындағы қызметкерлерге дөрекілік танытып тіпті балағат сөздер айтқан кездері де болған екен.

Ұзақ уақыттан бері театрда жұмыс істеп келген қызметкерлер жаңа басшы келгелі бері сапа төмендеп кеткенін айтып шағымданды. Әділдік іздеп қанша арыз-шағым түсірсе де жабулы қазан жабулы күйінде қала берген. Аталған жағдайды естіген қала әкімінің орынбасары Сәрсен Құранбек ұжыммен кездесіп, балағат сөз айтқан басшыға қатаң сөгіс жариялады.

 

Related posts

Бывшего замглавы Антикора Максата Кожабаева обвинили в особо крупном мошенничестве

Алматыдағы Сайран көлінде Қызыл кітапқа енген аққұтан өлтірілді

Кәсіпкерлерге сертификат алу туралы түсіндірілді

Leave a Comment