Спорт

Жаңадан тағайындалған Туризм және спорт министрі ант берді

Күні кеше тағайындалған Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында ант берді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

«Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында, өз Отаным – Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани даму ісіне өзімнің барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі және дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін көтере беруге ант етемін», — деді Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Қазақстанның сұлу боксшысы Тайландта жұлдызға айналды

Тоқаев Головкинді Ақордада қабылдады

Пікір қалдырыңыз