Білім саласындағы бірқатар олқылықтар елімізде қордаланған мәселелердің бірі болып отыр. Жылдар бойы желінген қаражаттар қайда кетіп жатыр? Олар үшін кім жауап береді? 5-6 ай ғана білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы болып қызмет атқарған, басшылық қызметте бұрын жұмыс атқармаған бөлім қызметкері сыбайлас жемқорлыққа жол берді дегенге кім сенеді? Шардара ауданы білім бөлімі басшысының міндетін бірнеше ай ғана атқарған, барынша жұмыстан босатуын сұранған қызметкерге неліктен қылмыстық іс қозғалды. Миллиардтаған қаржыны жымқырғандар жазадан құтылып, жазықсыз мамандар зардап шегуге мәжбүр.
Зардап шегуші азамат Түркістан облысы Шардара ауданының білім бөлім басшысының міндетін уақытша атқарушы болып қызмет атқарған. Қызмет еткен уақытында бірқатар жұмыстарды жасағанын ескеріп, дәлел болуға лайық бірнеше фактілерді де ұсынылды. Қорғауымыздағы екі азаматшаның да кінәсы толық дәлелденбеген деген адвокаттар, осындай шешімге келіп отыр.
2023 жылдан бергі тергеудің нәтижесі күні бүгінге дейін шешілмеген. Сол себепті заңгерлер Жантуреева мен Қадырбекова сынды азаматшалардың ісін жіті тексеріп, қажет болған жағдайда мемлекет басшысының назарына ұсынуын сұрайтынын жеткізді. 4 млрд қаржы жымқырды деген фактімен айыпталған азаматшалардың ісі толық дәлелденбегенін атап өткен мамандар, бұл мәселеде қандай да бір шикіліктің бар екенін айтады.
Аталған мәселеге бей-жай қарамауды сұраған заңгерлер, облыстық бас прокурормен еліміздің бас прокуратурасының назарына ұсынып отыр. Сондай-ақ толық тексеріп, бас прокурор жіті бақылауында ұстауын сұрайтынын жеткізген адвокаттар, бұл мәселені бей-жай қалдырмайтынын атап өтті.