Спорт

Қазақстандық боксшы теннисші Рыбакина мен Путинцеваға қатысты шулы мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцеваны сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Балауса Instagram желісіндегі стористе атақты теннисшліерді сынға алды. Шілдеде олар Олимпиадаға қатысудан бас тартқан болатын, ал тамыз айында міне АҚШ-тың Цинциннати қаласындағы турнирге қатысады.

«Легионер болған соң білгенін жасап жатыр. Қазақстанда туып өссе қай ұлт болсын кіндік қаны тамған, туған еліне бүйрегі бұрып тұрады ғой. Біздің құрамада да басқа ұлттың қыздары бар, жүректері Қазақ деп соғып тұрған. Елдің намысын қорғап, туымызды биікке көтеріп жүрген. Өйткені олар Қазақстанда туған, олардың отаны Қазақстан! Ауырып өлейін деп тұрсада рингке шығып, соңына дейін күреседі. Өйткені Елі оларға сеніп отырғанын сезінеді. Ал легионерлерде ондай сезім жоқ. Олар тек біздің елдің атынан шығуға мүмкіндік алғандар. Сол арқылы ақша тауып жатқан спортшылар», – деп жазды боксшы Instagram парақшасында.

Related posts

ҰЛТТЫҚ СПОРТ РУХЫМЫЗДЫ АСҚАҚТАТТЫ

Геннадий головкин – ҰОК президенті.

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

ШЫМКЕНТТІК БАЛУАНДАР ПАРИЖДЕГІ ОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ЛИЦЕНЗИЯ АЛУ ҮШІН ТАЛАСАДЫ

Leave a Comment