Ақпарат

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК елдегі ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.Синоптиктердің болжамы бойынша, 15 тамызда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдай қолайлы болады, тек Алматы, түнде Астана, Атырау қалаларында ауа сапасы біршама ластанады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

ЕСЕПСІЗ ЖҰМСАЛҒАН  ҚАРАЖАТТЫҢ  СҰРАУЫН КІМ БЕРЕДІ?!

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

«Жанкүйер мақтанатындай жекпе-жек көрсеттің»: Геннадий Головкин Нұрбек Оралбайды құттықтады

Пікір қалдырыңыз