aspan

Елімізде жолаушыларды су көлігімен тасымалдау 78,7%-ға өскен

Маусым мен шілде айларында ішкі су көлігімен 142,2 мың адам тасымалданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 78,6% артық (2023 жылғы маусым-шілде – 79,6 мың адам).

Барлық қатынаудағы жолаушыларды тасымалдаудан түскен кіріс 318,1 млн теңгені құрады.

Ішкі су қатынасы Абай, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында және Астана қаласында бар.

Айта кетейік, ішкі су көлігіне жолаушылар кемелері мен серуен қайықтары жатады.

Жаздың екі айында жолаушыларды теңіз көлігімен тасымалдауда 8,4% төмендеу байқалды.

2024 жылдың маусым-шілде айларында 23,8 мың адам тасымалданды, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 26 мың адам болған.

Айта кетейік, Қазақстанда теңіз көлігі Атырау және Маңғыстау облыстарында бар.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҰРАН АУДАНЫ: БАЛАЛАРҒА ЖАЙЛЫ ОРТА ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ЖАҢА ОЙЫН ЖӘНЕ СПОРТ АЛАҢДАРЫ САЛЫНАДЫ

Кәсіпкерлер палатасында жеке сот орындаушылар іс-әрекетінің заңдылығын сақтау мәселесі талқыланды

Пікір қалдырыңыз