Әлем жаңалықтары

8 түркиялық компания Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестиция салмақ

АСТАНА. KAZINFORM — 11 тамызда Айдарбек Сапаров Қазақстанда астық және бұршақ дақылдарын, ірі қара мал терісін өңдеу, балмұздақ өндіру, ауыл шаруашылығына арналған техника өндірісін оқшаулау жөніндегі жобаларды дамытуға мүдделі түрік бизнесімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұршақ дақылдарын терең өңдеу жөніндегі компаниялар Қазақстанның аминқышқылдары, оның ішінде лизин, глютен және нарықта жоғары сұранысқа ие басқа да өнімдер сияқты қосылған құны жоғары өнімдерді өндірудегі үлкен мүмкіндіктерін атап өтті.

Балмұздақ өндірушілер Ресей, Қытай сияқты жақын маңдағы нарықтарға қызығушылық танытады, онда қазақстандық өндірушілер шикізат жеткізуді жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Бұл жағдайда балмұздақ өндіру үшін жоғары сапалы лактоза сүті қажет. Министр Қазақстанда сүт-тауар фермаларын дамыту бағдарламасы іске асырылып жатқанын және өңдеу үшін шикізат жеткізуші бола алатын 65 заманауи сүт-тауар фермасы салынатынын айтты.

Related posts

EURO-2024: Футбол алаңының қауіпсіздігі тексеріліп жатыр

Илон Маск ғарыш кемесінің үшінші ұшуы жартылай табысты деп танылды

Нганну мен Джошуа арасындағы жекпе-жектің қорқынышты нокаутының видеосы: жаңа бұрыш

Leave a Comment