Жаңалықтар

Күміс жүлдегер Демеу Жадыраевтың ауылындағы көшерлерге не себепті асфальт төселмегені белгілі болды

Әлеуметтік желіде тараған видеодан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевтың туған жері Панфилов ауданы Үшарал ауылындағы көшелердің шаңы шығып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты
Панфилов ауданы әкімнің баспасөз хатшысы Нұрбол Қанағаттың айтуынша, қазіргі уақытта Үшарал ауылында Демеу Жадыраевтың қара шаңырағы тұрады.

“Ауылдағы Шойынбаев көшесіне жобалық-сметалық құжаты жасалған. Ұзындығы 1 200 метр. Құжат сараптамадан өту керек. Өткен жағдайда бюджеттен қаржы сұралады. Әзірге ол көшеге қаражаттан тыс асфальт төселмейді”, – деп жауап берді Нұрбол Қанағат.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстанда автомобильдерді әкелу схемаларына байланысты ауқымды тексерулер жүргізілуде

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖІБЕК САЛАСЫН ДАМЫТУҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

БАСҚАРМА ТАРАПЫНАН 2024 ЖЫЛДЫҢ НАУРЫЗ АЙЫНДА ЖАЛПЫ САНЫ – 12 673 МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН

Пікір қалдырыңыз