Саясат

ҚР энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

ҚР энергетика вице-министрі Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Іс-сапар аясында мегаполис тұрғындарымен кездесіп, өңірдегі маңызды мәселелерді ортаға салды. Отырыс барысында вице-министр газ инфрақұрылымын, электр, жылумен жабдықтауды іске асыру және халықты мұнай өнімдерімен және сұйытылған мұнай газымен қамтамасыз ету бөлігіне тоқталып, шаһардағы салаға қатысты өзекті мәселелерді баяндады. Сондай-ақ бірқатар аудандардағы проблемаларды атап өтіп, алдағы уақытта жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жұмыстар атқарылатынын жеткізген Ерлан Құдайбергенұлы бюджеттің дұрыс жұмсалып жатқанын атап өтті. Жиналысқа қатысқан тұрғындар вице-министрге бірнеше сауалдар қойып, алдағы жұмыстардың орындалу барысын біліп қайтты. Сондай-ақ, кездесуде вице-министр жергілікті халықтың сұрақтарына жауап берді. Олардың басым көпшілігі табиғи газ, жанар-жағармай материалдары және электр энергиясымен қамту мәселелеріне қатысты. Салаға жауаптылар өз кезегінде бүгінгі таңда қаланың инфрақұрылым жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылып жатқанын баяндады. Тұрғындар тарапынан қойылған әр сұраққа уәкілетті орган өкілдері барынша жауап беруге тырысты.

Related posts

Олжас Бектенов: Жылыту маусымына қомақты қаражат бөлінсе де, жұмыс толық жүргізілмеген

Мемлекет басшысы ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады.

Қазақстанда шенеуніктерді іріктеудің жаңа ережелері әзірленді 

Leave a Comment