Шымкент қалалық ішкі мемлекеттік аудит департаменті 1 ші жартыжылдықты қорытындылады. 6 айдың нәтижесі бойынша 497 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 46 499 420 теңге бюджетке айыппұл төленді. Аудитпен қамтылған қаражат көлемі 38,2 млрд теңгені құрады, жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижелері бойынша барлығы 31,6млрд теңге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде қаржылық бұзушылықтар 20,0 млрд теңге, рәсімдік бұзушылықтар 11,6 млрд теңге, олардың мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзу сомасы 5,2 млрд теңгені құрады. Ағымдағы жылы Прокуратурадан 3 заңдылықты бұзушылықты жою туралы ұсыну, Шымкент қаласының тексеру комиссиясынан 11 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар, басқа да органдардан 34 әкімшілік шара көру жөніндегі хаттар келген.Департаментпен 6 айдың қорытындысы бойынша 497 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, 46 499 420 теңге бюджетке айыппұл төленді.