Әлем жаңалықтары

Өзбекстанда 2030 жылы электр энергиясын тұтыну көлемі екі есе артпақ

Өзбекстан энергетика министрі Журабек Мирзамахмудов Орталық Азия елдері және Әзербайжан энергетика министрлерінің кездесуінде Ташкент көрші елдерден электр қуатын сатып алуға ынталы екенін мәлім етті дейді — KAZINFORM.

«Өзбекстанда электр қуатын тұтыну көлемі жыл сайын орта есеппен 5-6% өсіп келеді. 2019 жылдан бері елде электр қуатын тұтыну көлемі 65 млрд кВт/сағаттан 81 млрд кВт-сағатқа дейін өсті. Ал 2030 жылға қарай бұл шама кемінде екі есе артып, 134 млрд кВт/сағатқа жетеді. Қазақстанмен газ, мұнай, мұнай өнімдері мен электр қуатын жеткізу және транзиттеу, жиіліктерді реттеу мәселелері бойынша тығыз жұмыс істеп отырмыз», — деді өзбекстандық министр.
Өзбекстан өкілі Орталық Азияның өзге елдерімен энергетика саласында бірлесіп іске асырып жатқан жобаларға тоқталып, бұл бағыттағы ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екендерін жеткізді.
«Ол үшін энергетика саласындағы реформалар туралы ақпарат алмасуға арналған, тұрақты жұмыс істеп тұратын ортақ платформа құруды ұсынамын. Бізге электр қуаты мен энергетикалық ресурстар саудасының инфрақұрылымын жетілдіріп, транзиттік әлеуеттеріміз арттыру керек. Маман даярлау саласындағы әріптестікті жалғастыруды ұсынамын», — деді Журабек Мирзамахмудов.

Related posts

Король Чарльз III-нің фотосуреттерін Букингем сарайы жариялады

Иран вице-президенті отставкаға кететінін мәлімдеді

Ұлыбритания Қытайға санкция енгізбек

Leave a Comment