Саясат

Мемлекет басшысы ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановты қабылдады.

Ақмола облысының экономикасына 179 миллиард теңгеден астам инвестиция тартылды. Қазір өңірдің инвестициялық портфелінде 187 жоба бар.  Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің қабылдауында болған облыс әкімі Марат Ахметжанов айтты. Өңір басшысының мәлімдеуінше, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қызметі мен байланыс салаларында өсім бар. Тартылған инвестиция нәтижесінде 1700 жаңа жұмыс орны ашылады. Астықты аймақ алдағы күзде 5 млн тоннадан астам өнім алуды көздеп отыр. Кездесу соңында Президент Ақмола облысының стратегиялық даму жоспарын жүзеге асыру жұмыстарын жалғастыруды тапсырды. Мемлекет басшысы өңірдің еліміздегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаратынына назар аударып, агроөнеркәсіп кешенін жаңғырту, соның ішінде егін жинау науқанын уақытылы әрі сапалы атқару маңызды екенін атап өтті.

Related posts

ҚР энергетика вице-министрі жұмыс сапарымен Шымкент қаласына келді

Президент Үкімет мүшелерімен еліміздің экономикалық жағдайын талқылады

Олжас Бектенов: Жылыту маусымына қомақты қаражат бөлінсе де, жұмыс толық жүргізілмеген

Leave a Comment