Ақпарат

Париж-2024: Тоғызыншы жарыс күнінің нәтижесі қандай

Бокс: Нұрбек Оралбай (80 кг) Париж Олимпиадасының жартылай финалында Кристиан Хавьер Пиналесті (Доминикан) жеңіп, финалға жолдама алды. Төрешілер есебі: 3-2.

Жеңіл атлетика: Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде Олимпиаданың финалына жолдама алды. Ол іріктеуде 4-орын алды. Уақыт көрсеткіші – 9:16.46 секунд. Финал 6 тамыздан 7-сіне қараған түні өтеді.

Ольга Сафронова 200 метрге жүгіруде өз тобында мәреге 7-ші болып жетті. Уақыт көрсеткіші – 23.57 секунд.

Давид Ефремов 110 метрге кедергілер арқылы жүгірудің жартылай финалына шыға алмады. Оның уақыт көрсеткіші – 13.88 секунд.

Дэйзи Джепкемей 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруде мәреге 9-шы болып жетті.

Стенд ату: Әсем Орынбай скит бағдарламасының іріктеу қорытындысы бойынша 116 ұпай жинап, 18-орынға тұрақтады.

Нысана көздеу: Никита Чирюкин іріктеуде 583 ұпай жинап, 10-орынға жайғасты. Өкінішке қарай финалдық сайысқа шыға алмады.

Олимпиаданың тоғызыншы жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлде бар.

Related posts

Елімізде су тасқынынан зардап шеккен неше отбасы баспаналы болды

Бүгін 3 қалада ауа сапасы нашарлайды

Тоқаев еңбек демалысына шықты

Leave a Comment