Ақпарат

Париж-2024: Олимпиада ойындарында медаль алмаған елдер

Науру — халық саны бойынша аз және Олимпиада ойындарына қатысатын ең кішкентай ел. Бұл Австралияның солтүстік-шығысында Тынық мұхитында орналасқан шағын арал. Оның халқы шамамен 12,1 мың адамды құрайды. Науру 1996 жылы Атлантада өткен Олимпиадаға алғаш рет қатысқан. Алайда бірде-бір медаль алмаған. Жазғы Олимпиада ойындарына қатысып, медаль алмаған елдер жайлы қызықты деректерді ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

169,8 миллион халқы бар Бангладеш те Олимпиада медалі жоқ. Бангладеш 1984 жылдан бері жазғы Олимпиада ойындарына қатысып келеді. Жеңіл атлетика, садақ ату, жүзу, оқ ату, гимнастика және гольф бойынша сайысқа түскен. Биыл Париж Олимпиадасына төрт спортшы қатысады. Одан бөлек 60-тан астам ел бірде-бір рет Олимпиада жүлдесін алмаған.

Олимпиаданың ашылу рәсімінде от пен судан өтіп, бүкіл кедергіні жеңіп, жарыс алауын даңқты Зинедин Зиданның қолына әкеп табыстайтын беті бүркеулі жұмбақ алаугерді көрген шығарсыз. Ол – кәсіби акробат, фрираннан (еркін жүгіруден) Франция чемпионы, Саймон Ногейра екен. Бірақ алауды Зиданға табыстаған соң, бет-жүзін ашып, өзінің кім екенін халыққа неге көрсетпегені түсініксіз күйде қалды.

Related posts

Жол апаты: Ақтөбеде аман қалған 4 адам ауруханаға жеткізілді

Өрт — тілсіз жау

Алматы облысында туристер мінген автобус аударылып қалды: мән-жайы белгілі болды

Leave a Comment