Ақпарат

Тоқаев күзде Түрікменстанға барады

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды BAQ.KZ Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Мемлекеттер басшылары қазақ-түрікмен қатынастарының қарқынды дамып келе жатқанына назар аударып, Қазақстан Президентінің биыл күзде Түрікменстанға жоспарланған сапарының дайындық барысын талқылады. Әңгімелесу барысында көлік-логистика, энергетика, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтудың маңызды екені атап өтілді.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы «Масс-медиа туралы» заңға қол қойды

Шілдеден бастап студенттердің шәкіртақысы өседі

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТШІЛЕР АКЦИЯНЫ ҚОЛДАДЫ

Пікір қалдырыңыз