aspan

АҚША ДА ЖОҚ, МАЛ ДА ЖОҚ. АЛАЯҚҚА ТҰСАУ ДА ЖОҚ!

Ақша да жоқ, мал да жоқ.Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылының тұрғындары қаражатынан қағылып, күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылды.Соғымға мал өткізіп, алаяққа алданып, ақшасын әлі күнге дейін ала алмай жүр.

Түркістан облысы, Ескі Иқан ауылының тұрғындары саудамен айналысамыз деп алаяқтың арбауына түсіп қалды.Өткен жылдың желтоқсан айында Қарабұлақ елді мекенінде тұратын азаматқа соғымға мал өткізіп, қаражатын әлі күнге дейін ала алмай жүр.Малы мен ақшасынан қағылған тұрғындар құрғақ уәде шаршатты деп ашынып отыр.

Тұрғындарда бұл іске қатысты дәлелдеме жеткілікті.Сан соқтырған азаматтан қолхат жазып алған.Тіпті,  хабарласып, хат алмасып,  қаражатты қайтарып беруді сұраған.Бірақ, нәтиже жоқ.

Ал малды артып апарған ауыл тұрғыны қаражатын уақытылы алып тұрғанын айтты.Ауылдастарының алданғаны жайлы енді ғана біліп тұрмын дейді ол.

Ауыл тұрғындары облыстық прокуратураға барып, базынасын жеткізіпті.Болған істің жай жапсарын тарқатып, арыз жазған.Түйткілдің түйінін шешуді құзырлы органдардың қарамағына қалдырдық.

 

Related posts

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

МИЛЛИАРДТАҒАН ҚАРЖЫНЫ ЖЫМҚЫРҒАНДАР ЖАЗАДАН  ҚҰТЫЛЫП, ЖАЗЫҚСЫЗ МАМАНДАР ЗАРДАП ШЕГУГЕ МӘЖБҮР

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Leave a Comment