Ақпарат

Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды

Майқайың кенішінде соңғы құтқарушының денесі табылды. Құтқарушының денесі жоғары көтеріліп, сараптама жүргізу үшін жедел тергеу тобына берілді, деп жазады zakon.kz. Облыс әкімі Асайын Байханов Іnstagram-дағы парақшасында Айып Тілеубергеновтің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. «Марқұмға иман байлығын берсін. Бүгін сағат 16.20-да «Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде соңғы құтқарушы – жүргізуші Айып Тілеубергеновтің денесі табылды. Қайғылы оқиғадан кейін жеті ай уақыт өтті. Осы уақыт ішінде қаза болған жандардың туыстары сияқты біз де жоғалған құтқарушыларды табамыз деген үмітте болдық», — деді аймақ басшысы. Облыс әкімі жоғалған адамдарды табу үшін күндіз-түні жұмыс істеген барлық жанға алғыс айтты.

 

Related posts

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек емес»: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа салық енгізілмек

Түркістанда жүзім шаруашылығын дамытуда жаңа технологиялар қолданылады

Leave a Comment