aspan

САРСАҢҒА САЛҒАН МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ

 

Салықты уақытынан кешіктірмей төлейміз.Мемлекеттің алдында берешегіміз жоқ. Бірақ, 19 шілде күні ешбір ескертпесіз шотымыз жабылып қалды.Себеп біреу. 2022 жылы төленуі тиіс медициналық сақтандыру.Осылай деген Төлеби ауданы, Қарақия ауылының тұрғындары мемлекеттің бұл ісіне наразы. Сақтандырудың қаражатын араға екі жыл салып сұрап отырғандары ақылға қонбайды дейді.Ол аз десеңіз, берешектің үстіне төлемақы өсімі қосылған.Жарты мыңға жуық халық қалтасынан қаражатын қиып, 72 мың теңге төлеуге мәжбүр.

Ашынған кәсіпкерлер ауыл шаруашылығы қысымға ұшыраса, экономиканың ілгерілуі екіталай екенін ескертті.Себепсіз салық сала берсе, шаруашылықпен айналысуды тоқтатуға тура келеді дейді тұрғындар.

Төлеби аудандық кірістер басқармасының  салықты өндіріп алу бөлімінің басшысы әр кәсіпкердің егов порталына жеке хабарлама жіберілгенін айтады. Алайда, тұрғындар салық жайлы шотты бұғаттаған күні білген.

Мәселенің бір шешімін тағатсыздана тосқан тұрғындар кірістер басқармасының табалдырығын тоздырған.Ал, халықтың базынасын тыңдаған басшылар мұны мемлекеттің тапсырысы екенін жеткізіп, қолдан келер шара жоғын айтып отыр.

 Қаражаттан қағыла берсе, қарапайым шаруаның несі қалады?! Шырылдаған тұрғындар түйткілдің түйінін шеше алмай шарқ ұрып жүр.Жоғарыдағылар талап-тілекті тыңдап, мәселенің мән жайын зерттесе екен дейді.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

ШЫМКЕНТТЕ 200-ДЕН АСА ОТБАСЫҒА ТҰРҒЫН ҮЙ КӨМЕГІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

«Сізді тұңғиыққа ұшып бара жатқандай сезінесіз». Алматыдағы люктермен не болып жатыр

Пікір қалдырыңыз