Ақпарат Қоғам

Тараздық полицейлер жолда талмасы ұстаған шетелдік азаматқа көмектесті

Патрульдік полиция қызметкерлері әдеттегідей аумақты бақылау жүргізу барысында жол бойында көмек сұраған азаматтарды байқаған.
Тез арада жақындап, жағдай сұрағанда көлік жолаушысының талмасы (эпилепсия) ұстағаны белгілі болды.

Бішкек қаласынан Тараз қаласы арқылы Дағыстанға бағыт алған 39 жастағы ресейлік азаматтың әкесі көлік ішінде денсаулығы күрт нашарлаған.

Полиция қызметкерлері шұғыл түрде науқасқа қажетті алғашқы көмек шараларын жасап, қалалық ауруханаға жеткізіп, дәрігерлерге табыстады.

Жол үстінде кенеттен қысылған қарт әкесіне қайдан көмек сұрарын білмеген азамат полиция қызметкерлерінің дер кезінде жәрдемге келгеніне ризашылығын жеткізіп, алғысын білдірді.

— Мен, шыны керек, полиция қызметкерлерінің әрекетіне таң қалдым. Қазақстандық полицейлердің қарапайым азаматтардың жағдайына бей-жай қарамай, адамгершілік жасағанына риза болдым. Дер кезінде көрсеткен алғашқы медициналық көмектерінің арқасында әкемді өлімнен арашалап қалдық десем болады. Алғысым шексіз, — деді Насир Балаев.

Related posts

Антикор Алматы қаласы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысының деле туралы айтты

Тоқаев білім және балалардың қауіпсіздігі туралы заңға қол қойды

Куандыков Улан Ержанович Ux Директор

Алматыда жалға берілетін велосипедтер жоғалып кетті: себебі аталған

Leave a Comment