Ақпарат Қоғам

Алматы облысында шетелдік азамат жасырын медресе ашып, 19 баланы оқытқан

Қарасай ауданының прокуратурасы құқық қорғау органдарымен бірлесіп 19 бала заңсыз тәрбиеленген жасырын діни медресені анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шетелдік азамат балаларға дінді заңсыз оқытқан.

“Жеке үйдің аумағында Тәжікстанның азаматы балаларға араб жазулары бар діни әдебиеттерді қолдана отырып сабақ берді. Тексеру барысында діни әдебиеттің 179 данасы, сондай-ақ «Iphone» маркалы ұялы телефон және «HP» маркалы ноутбук тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Аталған іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Медреседе білім алған барлық бала ата-аналарына қайтарылды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

27 градус аяз: Қазақстандағы ауа райы бүгін, 7 наурыз

Қарағандыда айналма жолда жол-көлік оқиғасында 5 адам қаза тапты

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНАН АҚТӨБЕ ӨҢІРІНІҢ СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРЫНА 30 ТОННА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК ЖІБЕРІЛДІ

Пікір қалдырыңыз