ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Баймағанбетов түрмедегі бір адамға бюджеттен қанша ақша жұмсалатынын айтты, деп жазады sputnik.kz.
Оның мәліметінше бүгінде сотталған бір адамды түрмеде бір тәулік ұстауға бюджеттен 7 500 теңге бөлінеді. Ал сотталғандардың жалпы саны – 30 мың адам.
«Оларды ұстауға күн сайын бюджеттен 225 миллион теңге жұмсалады», — дейді Баймағанбетов. Түрмеде отырған 30 мың адамның ішінде екі мыңнан астамы – әйелдер. Ал республика бойынша тергеу изоляторларында 7 мың адам отыр.