Ақпарат Денсаулық

Алматыда 3 мыңнан аса тұрғын қызылша жұқтырған

Мегаполисте қызылшаға қарсы 162 мың адам екпе алды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қасымхан Алпысбайұлы мәлімдеді.

Қалада қызылшаның 3275 расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 2020 жағдай (61,8%), 15 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында – 168 (5,1%) және ересектер арасында – 1087 (33,1%). Балалар арасындағы аурушаңдық негізінен вакциналаудан бас тарту себебінен. Қызылша, қызамық, паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау шеңберінде барлығы 162 855 адам қамтылды, оның ішінде 6 айдан бастап 10 ай 29 күнге дейінгі 13 194 бала, 2 жастан 4 жасқа дейінгі балалар саны – 80 005, — деді Қасымхан Алпысбайұлы.

 
 

Related posts

Қырғызстандағы тасқында бір отбасының төрт мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті

Түркістан облысының бірқатар ауылы таратылғалы жатыр

«Жеке кәсіпкер ретінде тіркелу керек емес»: Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға жаңа салық енгізілмек

Leave a Comment