Қоғам Қылмыс

Адамдардың дауысын ұқсатып салу арқылы алаяқтық қылмыстың жаңа түрі пайда болды

Алаяқтық шабуылдың жаңа түрі пайда болды, онда шабуылдаушылар туыстары және достарының дауыстарына салып, ақша беруге мәжбүрлейді.
Алаяқтар мессенджерлер мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды бұзып, хат-хабарлардағы қолжетімді дыбыстық үлгілерді пайдаланып аккаунт иесінің дауысын жасайды және барлық чаттарға ақша жіберуді сұрайтын қысқаша дыбыстық хабарлама жібереді.

Бұл қауіпті, өйткені алаяқтар жәбірленушіні анықтаудың бірнеше тәсілдерін пайдаланады, яғни аккаунт, дауыс және банк картасы. Бұл жіберуші адамға көбірек сенім тудырады.
Бұл жағдайда екі адам — дыбыстық хабарламаны алған және атынан жіберілген адам құрбан болады.

Ағымдағы жылдың басынан бастап Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен шоттарды бұзып, жәбірленушінің туыстары мен достарына ақша сұрап хабарлама жіберген алаяқтықтың 13 дерегі анықталды.

Алаяқтардың құрбаны болмас үшін полицейлер дыбыстық хабарламаларды тыңдағаннан кейін бірден өшіруді, барлық хат-хабарларды автоматты түрде жоюды, интернет желісіне дыбыспен бейне жібермеуді, жақын адамдарыңызбен осындай жағдайлардың алдын алу үшін құпия сөздер ойлап табуды ұсынады.

Егер, сіз осындай дыбыстық немесе әдеттегі хабарламаларды туыстарыңыз бен жақындарыңыздан алсаңыз, полиция қызметкерлері алдымен басқа да байланыс құралдары арқылы хабарласуды ұсынады. Уақытты жіберіп аламын деп қорықпаңыз, сәл кідіріп, сақтанғаныңыз дұрыс. Әлеуметтік желілердегі деректерді жасырып ұстаңыз, дауыс үлгілеріне және достар тізіміне бөгде адамдардың кіруін шектеңіз. Мұндай сақтық әрекеттеріңіз алаяқтардың қулықтарына түсіп қалу қаупінің алдын алуға көмектеседі.

Related posts

Зорлады деп айыпталған Талдықорған полициясының бұрынғы басшысы сотта өзін нашар сезінді

Салтанат Нүкенованың ағасы Қуандық Бишімбаев үшін алқабилер соты туралы айтты

ШЫМКЕНТТЕ ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІКТЕРДЕ ЖОЛ АҚЫСЫ КӨТЕРІЛМЕЙДІ

Leave a Comment