Қоғам

Алдағы күндері елімізде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді 

Қазақстанда аладғы күндері қолайсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжауынша, алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ жел күшейеді.

Республиканың солтүстігінде, шығысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауады. Температура фонында айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжаған еді. Мамандардың ақпаратынша, шілденің екінші және үшінші онкүндігінде жаңбыр жауып, найзағай онайды, сондай-ақ екпінді жел соғып, шаңды дауыл тұрады деп болжанады.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

2024 ЖЫЛҒА ҚАЛА АУМАҒЫНДА 1 086 000 ШАРШЫ МЕТР ТҰРҒЫН ҮЙЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУҒА ҚАБЫЛДАУ ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛГЕН

Антикор Алматы қаласы урбанистика басқармасының бұрынғы басшысының деле туралы айтты

Өскеменде екі кафенің жанынан ер адамның денесі табылды

Пікір қалдырыңыз