шоу бизнес

«Біз жақта ауланы ер адамдар сыпырады»: Меруерт Түсіпбаева Сарыағаштағы келіндік өмірі туралы айтты  

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Меруерт Түсіпбаева алғаш тұрмысқа шыққан кезін еске алып, қандай келін болғанын айтты. Өнер иесі Шымкенттің өзге келіндері секілді таңғы алтыда тұрып, аула сыпырмағанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева келіндік қызметін қалай атқарғанын өзінің Youtube арнасында айтып берді. Өнер иесі алғаш келін болып түскенде жолдасы өзін үлкен қолдау көрсеткенін жеткізді.

«Сарыағашқа келін болып түстім. Мен тұрмысқа шыққанда театрда жұмыс істеп, «Қимай сені барамын» деген хитім шығып кеткен кезең ғой. Мен Сарыағашта 40 күн ғана болдым. Күйеуім студент. Жаздық демалысымыз аяқталған соң, Алматыға қайттық. Сарыағашта шілдеде қатты ыстық.

Күйеуім маған «таңғы алтыда тұрып, ауланы сыпырасың» деді. Мен неге тым ерте екенін сұрадым. Күйеуім өте жақсы жігіт болды. Қазір тірі, жүз жасасын. Ол маған «көршілер сөгеді, анама ұят болады» деді. Мен оған «әбден ұйқымды қандырып, 12-лерде тұрып сыпырайын» дедім. Ол қоймаған соң, мен келістім. Бірақ алтыда тұра алмадым. Сегіздерде тұрып жүрдім. Енем ол үшін мені сөккен емес. Таңертең тұрып, бетімді ақ орамалмен түгел жауып аламын. Сосын өтірік сыпыра саламын. Күйеуім су сеуіп тұрады. Оған рақмет. Сарығашта деген масқара ыстық болған. Сондай келін болдым», — деді Түсіпбаева.

 

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қайрат Нұртастың басы тағы да дауға қалды

«Күйеуіме шарт қойдым»: Айсәуле Бақытбек үшінші жүктілігі туралы сыр шертті 

«Неше күннен бері түсіме кіріп жүр»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуін есіне алды

Пікір қалдырыңыз