Ақпарат

Алматыда әйел адамды екі бірдей көлік қағып, мерт қылды

Алматыда өткен түні жантүршігерлік жол апаты болды. Екі бірдей көлік әйел адамды қағып кетті, деп хабарлайды қалалық жол полициясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше сағат 21:40-та Алматы қаласы Әуезов ауданындағы Өтеген батыр көшесінде болған. «Екі көліктің соқтығысуы салдарынан жаяу жүргінші қайтыс болды, қазір оның кім екені анықталып жатыр», — деп хабарлады полиция департаментінің өкілі.

Адам өліміне әкелген жол апаты бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Zakon.kz сайтының хабарлауынша, Chevrolet Cobalt жүргізушісі әйелді қағып кеткен, қатты соққыдан ол қарсы бағытқа ұшып түскен, сол жақтан оны Daewoo Nexia көлігі қаққан. Сондай-ақ, басылымның жазуынша, Chevrolet жүргізушісі бұған дейін жүргізуші куәлігінен айырылған. Айта кетейік, Алматыда «Алтын Орда» базарының маңында мопед жүргізушісі әйел адамды қағып кеткен еді.

Related posts

В Шубарсу открылся новый сектор ЦОН

Қырғызстан милициясы үш адамды өлтірді деген күдікке ілінген ер адамды атып тастады

Елімізде жаңа универистет құрылады

Leave a Comment