Ақпарат

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады.

Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 201 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛЫП, 317 МЫҢ АҒАШ ӘКТЕЛДІ

Қазақстанда тағы да саусақ ізін тапсыру міндеттелуі мүмкін

Қазақстанда шағын несие беру қатаңдайды

Пікір қалдырыңыз