Ақпарат

Жамбыл облысында полицейлер мемлекетаралық іздеуде жүрген әйелді ұстады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде Қырғызстан Республикасының 43 жастағы азаматшасын ұстады.

Әйел адам 2023 жылдың қараша айынан бастап Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 169-бабы 2-бөлігінде (Ұрлық) көзделген қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған.

Ол Ресей, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында зергерлік дүкендерден алтын бұйымдар ұрлаған. Біздің елдің аумағында Жамбыл облысы Қордай ауданындағы зергерлік дүкеннен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды және Өзбекстан Республикасы Самарқанд облысының ІІБ қызметкерлеріне берілетін болады.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгереді

Грузия туристерге қойылатын талапты күшейтіп жатыр

Қостанай облысында жүргізуші түйелерді қағып кетті

Пікір қалдырыңыз