Ақпарат

Қырғызстандағы тасқында бір отбасының төрт мүшесі із-түзсіз жоғалып кетті

Ош қаласында Ақ-Буура өзені жағадан шықты. Салдарынан орталық базарды, Озгур және Толойкон ауылдарын су басты. «Борубай Ата» демалыс аймағынан азаматтар эвакуацияланды, деп жазады inbusiness.kz. Толойкон ауылындағы «Мол-Бұлақ» демалыс орнында 4 адамды сел суы ағызып кеткені туралы ақпарат түскен. Алдын ала мәлімет бойынша олардың барлығы бір отбасының мүшелері: Д. Н. 1980 жылы туған (әйел адам), қыздары М. 2005 ж.т., М. 2014 ж.т., С. 2018 ж.т. Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар 500-ге жуық адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды.
Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуде.

Related posts

Төрт орын ғана қалған Ұлттық пантеонда кімдер жерленген?

33 жыл құжатсыз өмір сүрген БҚО тұрғыны Оңтүстік Кореядан ұлын тапты

Париж-2024: Олимпиада ойындарында медаль алмаған елдер

Leave a Comment