Ақпарат Бизнес

«АРМАН ӘЛЕМІ» АТТЫ ҚОЛ КІЛЕМ ШЕБЕРХАНАСЫ АШЫЛДЫ

Үшінші мегаполисте  “Арман әлемі” аты қазақ қол кілемдері цехының ашылу салтанаты өтті. Аталған цехта  қазақтың кілем тоқуын анықтайтын күрделі техникалар мен көркемдік дәстүрлері ұсынылған. Әрбір туындыны- өз білімі мен дағдыларын ата-бабаларынан мұра еткен шеберлер мұқият жасаған.

 Аталған шеберхана қолдан жасалған кілемдерді көпшілік назарына ұсынды. Онда әрқайсысы дәстүрлі өрнектер мен ашық түстер арқылы өз тарихын айтады. Келушілер қолөнершілердің адалдығы мен шеберлігін тереңірек бағалау үшін тоқу процесін өз көздерімен көруге мүмкіндік алды. Сонымен қатар, аудиторияны қазақ кілем тоқу тарихы мен техникасымен таныстыру мақсатында білім беру бағдарламалары мен шеберлік сыныптарын өткізді.

Жалпы бүгінгі іс шара ұлттық қолөнерді ұлықтап,өзіндік ерекшелігін бағалап,кілем тоқу өнерін өшірмей кереметтілігін халыққа паш ету мақсат болған. Сондай-ақ ерекше балалар мен ата-аналары бірге жасаған бұйымдарынан көрме жасақталды. Алдағы уақытта бұндай игі жобаларды жалғастырып көне кілемдердің маңызын халыққа кеңінен насихаттаймыз,-дейді ұйымдастырушылар.

 Аталмыш цехтың ашылу салтанатына арнайы қатысқан қр парламенті мәжілісінің депутаты Динара Наумова құттықтау сөз алып ізгі тілегін білдірді. Шымшаһарда бұндай кілем тоқу өнері дамып жатқанына сондай-ақ  бұл өнер түріне мүмкіндігі шектеулі жандардың көптеп қызығушылық танытып жатқанына қуанышты екенін жеткізді.

Жаңадан ашылған цехта шеберлер тек үйреніп бұйым жасауды қана қоймай сатылымға шығаруға ниетті. Әрбір жасалған бұйым табиғи өніммен жасалып көздің жауын алатын өрнектермен әсемделген.Айта кетейік әдемі дәстүрлі  кілем тоқумен қатар шеберханада басқада қоллдан жасалған бұйымдар соның ішінде жайнамаз,қоржын,алаша,және киіз тәпішкелер бар.Әрбір бұйым ерекше талғаммен және терең құрметпен жасалған.

 

 

 

 

 

Related posts

ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ АЩЫСАЙ АУЫЛЫН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ

Енді мейірбикелер науқасты өз бетінше қабылдап, диагноз қоя алады

Назарбаев зияткерлік мектептері өткізген сатып алулар: 10,5 млрд теңгенің заң бұзушылықтары анықталды

Leave a Comment