Ақпарат Әлем жаңалықтары

Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды

Эмомали Рахмон тиісті заңға қол қойды.

Тәжікстанда хиджаб киюге тыйым салынды, деп жазады azattyq-ruhy.kz. Бұл тыйым Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қол қойған «Мерекелер мен рәсімдерді реттеу туралы» заңда көрсетілген. Заңға сәйкес, тәжікстандықтарға ел мәдениетіне жат киім киюге тыйым салынған. Ел мәдениетіне жат киім ретінде хиджаб пен сатр аталған. Ел президентінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, заң күшіне енген сәттен бастап тыйым салынған киімдерді Тәжікстанда киюге, сонымен қатар сатуға да болмайды.

ҚАТЫСТЫ ПОСТТАР

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Ораза айт мерекесімен құттықтады

Қандай фильмдер ұлттық деп танылатыны белгілі болды

Баян Мақсатқызы үшінші рет ана атанды

Пікір қалдырыңыз